«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Мортық ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Мортык отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.01.2017

«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз»

«Отан таңы» әні ойналып тұрады, фанфар ойналып ортаға  жүргізушілер шығады.

1-жүргізуші:

-Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгін бізде

айрықша қасиетті күн.Себебі әрбір Қазақстан азаматының жан жүрегіне жақын ең

басты құндылықтарының бірі -тәуелсіздік күні.

2-жүргізуші:
Бұл  Тәуелсіздік- ата-бабаларымыздың ұлан ғайыр жерімізді жаудан ақ

найзаның ұшымен ақ білектің күшімен қорғап бүгінгі ұрпаққа аманат еткен қасиетті

қазақ даласында міне бүгін 25 жыл көк байрағын желбіретіп отыр. 

1-жүргізуші:

Қазақстан тәуелсіздігін алғанына аз уақыт болса да біздің елімізді бүгінде әлем

таныды. Дүниежүзінің дамыған 50 елдерінің қатарынан ойып тұрып орын алдық.

2-жүргізуші:

Қаншама жылдар бойы арман етіп қол жеткізген бұл тәуелсіздік біз үшін өте

қымбат. Сондықтан да жұлдызы жарқыраған Қазақстанның азаматы екенімізді біз

әрқашан мақтан етеміз.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні құтты болсын, бейбіт күннің байрағы көк туымыз биікте мәңгілік

желбірей берсін!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты салтанытты кешімізді  ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:

Құрметпен Қазақстан

Республикасының жалауы енгізілсін.

ҚР-ның 

жалауы кіргізіледі.

2-жүргізуші:

Қазақстан

Республикасының мемлекеттік әнұраны.

ҚР-ның әнұраны

орындалады.

1-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі

елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

2-жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым, 

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 

5 сынып

қыздарының орындауында «Қазақ биі»

1-жүргізуші:

Тәуелсіздіктің туын

желбіретіп, өз алдына дербес мемлекет болып, Кеңес одағының құрамынан

қайсарлықпен бөлініп шығып тәуелсіздіктің тәтті лебін сездірген әрине біздің

данышпан көшбасшымыз елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деп білеміз.

2-жүргізуші:

Жұмыла көтерген жүк

жеңіл деген. Қиын қыстау кезінде біз халық болып елбасына қолдау көрсете

білдік. Осындай бірлік пен ынтымақтың арқасында бүгінде біз әлем мойындаған

қуатты Қазақстанға айналдық.

 

1-жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты

кешіміздің  алғашқы құттықтау сөз кезегін

мектеп басшысы Джамалиев Болат Мәжитұлына береміз.


2-жүргізуші: 

Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде бүркіт самғап, қыран ұшқан.

Ардақтысың, қастерлісің мен үшін сен

Баға жетпес байлығымсың Қазақстан

Дене тәрбиксі

мұғалімі Базархан Серікбодың орындауында ән «Қазақ елі»

 

1-жүргізуші:

Келесі кезекті «Жас

ұлан ұйымына» 1 сыныпты қабылдау рәсімі басталсын.

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған.

5 сынып оқушылар

тақпағы

1- оқушы:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


Ту тігілді халқымның

бүгін бағына 

Жас өрендер желбіретіп нық ұста 

Ғасырларға жалғастырып елдікті 

Дақ түсірме ата баба рухына 

 

2-оқушы:

Үлгі бізге аталардың

ерлігі 

Ұлағаты өнегесі еңбегі 

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі


Қасиетті Қазақстан

мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

2 –

жүргізуші: Алдарыңызда математика және информатика пәні мұғалімдері Ахмадия Баянмен

Әбділғажы Ардақтың орындауында ән «Туған жер»

  1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

                       Қайрат аға рухыңа мен

иілем.

                       Бәйшешектің солғанына ах

ұрсам,

                       Әділ жанның қазасына

күйінем.

Қазір сіздердің назарларыңызға

желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков,

ендеше 9 сынып оқушыдарының орындауында Қайрат жайындағы көріністен үзінді

тамашалаңыздар.

                                         КӨРІНІС

  Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып

отыр.  Өлеңін оқиды.

  Қайрат:

Қайнама қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

                          Сөйлесем даусым

жетпейді,

                           Кез болдық мынау

заманға.

                           Шовинизм еді ғой,

                           Басты себеп

жанжалға.

Осы кезде екі жендет Қайратты

сот залына әкеледі.

Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!

Хатшы: Отырыңдар!

Сот үкімді оқиды.

Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:

     Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі

залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы

Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың

негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301

баптарына сәйкес соталқасы Үкім етеді.

     Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп

табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.

     Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы

бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан

айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім

жазасына , атуға кесілсін.

Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер

емес.

Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: Бар.

”Ақтық сөз” өлеңін оқиды.

Қайрат:

”Ақтық сөзің не?” – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

                          Күнәдан таза басым бар,

                          Жиырма бірде жасым бар.

                          Қасқалдақтай қаным бар,

                          Бозторғайдай жаным бар,

                          Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

”Еркек тоқты - құрбандық”,

Атам десең атыңдар!

Хош аман бол артымда,

Ағайын, туған-азамат.

Артымда қалған ата-анам,

  Ел-жұртым саған аманат!

Сот: -Бүгінгі сот жабық.

Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы

баласының соңынан жүреді.”Қайрат” анама өлеңін оқиды.

Қайрат:

Мейірімді ақ жүзіне анамның,

Көңіл жүдеп, көз жасаурап

қараймын.

Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,

Кемістігі  көп-ау мына балаңның.

Кейін білдім, кеш ұғындым,

өкінем,

Өкінем де, басымды иіп өтінем.

Кешір, ана, кешірімшіл едің

ғой,

Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп

ем.

  1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

                       Қайрат аға рухыңа мен иілем.

                       Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

                       Әділ жанның қазасына күйінем.

2-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.

1-жүргізуші: Келесі кезекті 7-8 сынып оқушыларының орындауныда би.

2 -жүргізуші:

Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,

Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?

Ұран жазып,қып-қызыл ту көтеріп,

 Жастар шықты алаңға «Елімайлап».

Алаңға шығып , ойын айтты жастарым,

 Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

 Содан барып, тоңы еріді кеңестің,

  Содан кейін еркіндікті бастадым.

7 сынып оқушыларының орындауында көрініс «Махамбет».

1 -жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар ! Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ  әр жылдың өз шежіресі,сыры, тарихы, қасиеті бар. Олай болса, біз кеш барысында сіздерді  «Тәуелсіздік шежіресімен» таныстыра отырғанды да жөн көрдік.

2- жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан – Н.Ә Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Президентімізге дауыс бергендер -98,9 % құрады.

1 -жүргізуші:

           

Ата-бабам тұлпар мініп ,ойқастап,

Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.

           

Тәуелсіз ел Президенті сайланды;

           

Қазағымның НҰРСҰЛТАНЫ ел бастап.

2-жүргізуші:  Қарсы алыңыздар Аллажаров

Ануар мен ________________________________  «Қара бауыр қасқалдақ әнімен»

1 -жүргізуші: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,

Тіл туралы Заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .

Қуан балам ,қуанатын күн бүгін.

2 -жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық ,

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік

Алдарынызда 6 сынып оқушыларының орындауында көрініс_____________________________________

1жүргізуші: Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң Ұлы Отан,

Елім менің тірегім

Құшағыңда гүл атам.

Би «Толғау»

1жүргізуші: Достық бізге тым ыстық,

 Бірлік -байлық , ырыс – құт,

Жарқырасын күніміз,

Жаса , жаса тыныштық.

2 жүргізуші:Тірлігімен адам байлық жасады,

Бірлігімен асулардан асады,

Адал жандар, жер-ананы қорғаңдар,

Абайлаңдар, бейбітшілік жасағы.

1-жүргізуші: Қара мынау ғажапқа,

                       Теңдік тиді қазаққа.

                       Езгідегі ұрпағың,

                       Енді айналмас мазаққа.

2-жүргізуші:   Өзіңдікі елің де,

                       Өзіңдікі жерің де.

                       Өзіңді өзің еткен бақ,

                       Тәуелсіздік төріңде.

Келесі кезекте «Атамекен»әнін қабыл

алыңыздар. Орындайтын қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әбілдина Гүлдана

Жұмаділдақыз.

1 жүргізуші: Атыңнан айналайын 

қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтасын  сақтығыңды сағың сынбай,

Көрсеңде көресіңді азаппенен.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.

2 –жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен мерекелік концертіміз

аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет!

Просмотров: 1337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст