Мортық ауылының №34 негізгі мектебінің Қамқоршылық кеңесі
I- отырысының хаттамасы
Мерзімі:Тамыз Қатысқандар: 13 адам (қорғаушылық
кеңесінің мүшелері,шақырылған ата-
аналар,педагогтар)
Күн тәртібі:
Жауапты: Б.Джамалиев мектеп директоры
2.Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан
шыққан білім алушыларға маериталдық көмек көрсету.
Жауапты: Г.Туякова ДТІЖО
3.Көп балалы отбасы оқушыларды ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру.
Жауапты: Г.Туякова Тәрбие ісінің орынбасары
Тыңдалды.
Күн тәртібінің мәселесін мектеп директоры Б.Джамалиев таныстырды және мәселе бойынша сөз бастады. Ата-аналар,сынып жетекшілер аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2018 - 2019 оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалудың алдын алу,6-16 жас аралығындағы балаларға орта білім беруді қамтамасыз ету,жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізу,аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен көп балалы отбасылардан және жетім ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында білім беру мекемелерінде 2018 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.Мұхтаж балаларға материалдық көмек көрсету ушін мәслихаттармен,әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен,жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықты ұйымдастырылады.Әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын , тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстары жүргізіледі.Сол себепті әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға көмек қолымызды созып демеуші болайық деп сөзін аяқтады.
Келесі сөзді ДТІЖО Г.Туяковаға берді. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға материалдық көмек көрсету.Ата-аналар акцияның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау,аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға , сондай-ақ оқу жылына дайындық уақыты кезінде ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуін алдын алу.Мектеп жасындағы барлық балаларды орта білімен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту,және көмек қолын созуды ұйымдастыру.
Жиналыс қаулы етеді:
Жиналыстың төрағасы: К.Г.Темиров
Жиналыстың хатшысы: Г.Туякова
Мортық ауылының №34 негізгі мектебінің Қамқоршылық кеңесі
II- отырысының хаттамасы
Мерзімі:Желтоқсан Қатысқандар: 13 адам (қорғаушылық
кеңесінің мүшелері,шақырылған ата-
аналар,педагогтар)
Күн тәртібі:
1.Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды тәрбиелеу,оқыту,дамыту және қорғау,қоғамдағы өмір сүруін қадағалау.
Жауапты: Б.Джамалиев мектеп директоры
2.Бастауыш сынып оқушыларына ата – аналар тарапынын сыйлықтар берілді.
Жауапты: ДТІЖО Г.Туякова
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Джамалиев сөз алды.Сөз барысында мектебіміздегі аз қамтылған отбасынан оқушыларды тәрбиелеу,оқытыу,дамыту және қорғау ,қоғамдағы өмір сүруін қадағалау жайлы айтты. «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,Жақсы жаман болса бала солардан » деп Жүсіп Баласағұн айтқандай ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.Ал балалардың өздеріне бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар сіздерге байланысты.Сондықтан әрбір ата-ана өз бақытын өмірінің жалғасы баласынан іздеу керек.Біздің бірлесіп тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыз болашақта ата-анасының үмітін ақтар,елін сүйер саналы да білімді азамат болады деп сенемін.
Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік,береке, түсіністік пен сыйластық,үлкен бақыт тілеймін деп сөзін аяқтады. Бастауыш сынып атаналарымен келісе отырып, бастауыш сынып оқушыларына ата – аналар тарапынан жаңа жылдық сыйлықтар беруге шешім қабылданды.
Қаулы:
Жиналыс төрағасы: К.Г.Темиров
Жиналыс хатшысы: Г.Туякова
Мортық ауылының №34 негізгі мектебінің Қамқоршылық кеңесі
III- отырысының хаттамасы
Мерзімі:Қаңтар Қатысқандар: 13 адам (қорғаушылық
кеңесінің мүшелері,шақырылған ата-
аналар,педагогтар)
Күн тәртібі
1. «Мектепке жол»акциясын өткізу
2.Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жұмыстары
Тыңдалды.
Күн тәртібінің мәселесін мектеп директоры Б.Джамалиев таныстырды және мәселе бойынша сөз бастады.Ата-аналар,сынып жетекшілер аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2018-2019 оқу жылында «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалудың алдын алу,6-16 жас аралығындағы балаларға орта білім беруді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Жиналыстың қаулысы:
1. «Мектепке жол»акциясын өткізу
2.Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Жиналыс төрағасы: К.Г.Темиров
Жиналыс хатшысы: Г.Туякова
ХАТТАМА № 4
2019 жылы мамыр айының 20 -ы күні сағат 1500-де қамқоршылық кеңес жиналысы болды.
Қатысуға тиісті – 13
Қатысқаны - 13
Күн тәртібінде:
1.Білім алушылардың ішкі тәртіп ережесінің сақталуы/мектеп формасының сақталуы,білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттарға жүргізілген рейдтердің қорытындысы/
2.Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы
3.Білім беру ұйымы басшысы ның есебі
Сөйлеушілер:
1.Тәрбие ісінің орынбасары –
Мектептердегі білім алушылардың бірыңғай мектеп формасына көшуі туралы келген тапсырмаға байланысты мектеп формасының үлгісін ата-аналарға таныстырып, жаңа оқу жылында толықтай қамтуды ұйымдастырдық. Ата-аналарға мектеп формасын таныстыруда ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығымен бекітілген мектеп формасына қойылатын талаптары басшылыққа алынады. Ата-аналарға жиналыс өткізіп, мектеп формасына қойылатын талаптармен таныстыру үшін жұмысшы тобын құрып, жүйелі жұмыс жүргізілді. Оқушылар 2018/2019 оқу жылында талапқа сай міндетті мектеп формасымен келуін қамтамасыз етуді ата-аналарға түсіндіре отырып, міндеттеп, ата-аналармен жасалатын екі жақты келісім шартқа бірыңғай мектеп формасын сақтау жөнінде тармақ енгізілуді қатыстырдық.Өз ұсыныстарымен жұмысшы тобы жасақталды.
1.Қыздардың мектеп формасына кіреді:
Классикалық қара көйлек . Көйлек тізе тұсында және тізеден 5 см –ге дейін жоғары не төмен болмауы. Фартук түсі ақ,қара мектеп формасының түсі қою қара ,галстук көк болуы шарт.
2.Ұлдардың мектеп формасына кіреді:
Классикалық жейде мен классикалық шалбар. Шалбардың ұзындығы тобықты жауып тұрады. Жейденің түсі ақ, мектеп формасының түсі қою қара көк болуы шарт. Мектеп формасының түсіне сәйкес галстук.
Жалпы мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасын сақтайды.Жыл аяғында ата-аналар жиналысында мектеп формасы талқыланып ,ортақ шешіммен қол жетімді бағамен , қарастырылды.Биылғы оқу жылында үшінші жыл бірдей форманы сақтайды.
Білім беру ұйымдарында алып кіруге тыйым салынған заттарға жүргізілген рейддтер үнемі жүріп тұрды. Сумкалары,қалталары және сырт киім қалталары осы жұмыстарға байланысты жасақталған жүмысшы тобымен бірге орындалды. Нәтижесінде тыйым салынған заттар табылмады.
2.Тәрбие ісінің меңгерушісі – Туякова Г.
Оқушылардың ғылымға ,білімге,шығармашылыққа,спортқа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына, жеке адамдық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу-басты мақсатымыз.Мортық негізгі мектебінде әртүрлі байқаулар өткізіліп, оқушылар жан-жаққа шығып, мектеп қоржынын жүлделі орындармен толықтыруда.Бұл бағытта біздің мектептегі қосымша білім беру ұйымдары да өз үлестерін қосып отырады.
Жалпы 34 оқушының 34 –і үйірмемен қамтылған, үйірмелер өз уақыт кестесі бойынша жоспармен жұмыстарын жасап келеді. Әрбір үйірме өз бағыттары бойынша аудандық,облыстық, республикалық жарыстарға үнемі қатысып отырады.
3.Білім беру ұйымының басшысы Джамалиев Б.М. Мектеп оқушыларының қосымша біліммен қамтылуы да қанағаттанарлық,оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында салауаттылыққа тәрбиелеу,шығармашылығын ұштауда қосымша білім беру жетекшілері яғни мектептегі он үйірме жыл бойы үздіксіз жұмыс жасауда .Жалпы биылғы оку жылындағы оқушылардың жан жақтағы білім сайыстары ,олимпиадалар,спартакиада жеңімпаздарының жүлдемен оралуына осы жетекшілердің де зор үлесі бар деп есептеймін.Оқушылардың жетістіктерін саралай келе жасалған ұсынысты бірауыздан қолдаймын.Әр оқушы өз деңгейін жоғары көрсетсе ,алуға лайықты деп танылған оқушылар өз дәрежесіне сай өзіне лайықты бағаны алуы тиіс.
Қамқоршылық кеңес жоғарыдағы жұмыстардың нәтижесін тыңдай отырып, қаулы етеді :
1. Білім алушылардың ішкі тәртіп ережесінің сақталуы/мектеп формасының сақталуы,білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттарға жүргізілген рейдтердің қорытындысы/бойынша жұмыс қанағаттанарлық деп табылсын;
2.Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы қанағаттанарлық деп табылсын;
Жиналыстың төреағасы: К.Г.Темиров
Жиналыстың хатшысы: Г.Туякова