Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің «Мортық ауылының негізгі орта мектебі» КММ-нің 2021 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы есебі.
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат.
Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің «Мортық ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Абай к., 15, телефон 8 (71651) - 22-491
Мортық ауылындағы негізгі орта мектеп Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде ауылдық деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
1. Денсаулығы бойынша бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – 0 (қағазда).
2, Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандырумен қамтамасыз ету – 30 (ПЭП – 21, 9 – қағаз түрінде).
3. Аз қамтылған отбасы балаларының саяжайда және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуына құжаттарды қабылдау және жолдама беру-0 (қағаз түрінде).
4. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-1 (ҚТБ-1).
5. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 4 (ҚБЖ 4).
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог кадрларын және оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау – 2 (қағаз түрінде).
7. Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау – 6 (қағаз түрінде 6).
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
1) 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру жүзеге асырылды.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Қосымша ақпарат.
5) көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Негізгі орта мектептің сайты http://sc0032.celinograd.aqmoedu.kz/
Мемлекеттік қызметтер туралы стенд;
6) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету. 2021 жылы интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзудың алдын алу;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды насихаттау және ақпараттандыру бойынша іс-шараларды жүргізу;
– 2022 жылы Мортық ауылындағы негізгі орта мектеп жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді және сапалы, оның ішінде электронды форматта мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жалғастырады.