Сабақтың тақырыбы: Діни экстремизм – қауіпті құбылыс
Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден
нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға
байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3. Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули
отырып, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд суреттері – плакаттар,
Сабақ барысы
Жоспар:
І. Ұйымдастыру
Өз бетімен жұмыс (мюнстенберг)
Тапсырма .Мына әріптердің арасынан тақырыбымызға қатысты сөздерді тауып, жазыңдар. Табылған сөздердің мағынасын айтыңдар.
Вншдатеизмдырагәлемдікдіндержаотимғибадатқуатрэкстремизмндвламиссионеріпюзсмахпрггшттерроризмпппофанатизмхэожсектацугткисламнбешогв
Терроризмнің екі түрі болады
Әсіресе санаға жасалатын терроризм өте қауіпті болып есептеледі.
1. Діни сана дегеніміз не?
• Діни сана дегеніміз белгілі бір діни идеялармен белгілі бір діни ілімнің білімдері, құндылықтары сонымен қоса белгілі бір дінге немесе діни топқа, діни ағымдарға қатысы бар адамдар мен топтарды айтады. Осындай діни санадан діншілдік қалыптасады.
2. Діншілдік дегеніміз ?
• Діншілдік дегеніміз - ең алдымен адамдардың тобы немесе жеке адамның әлемге деген көзқарасының, психологиясының, тәртібінің өмір сүру салтының белгісі. Ол құбылсытарды оқиғаларды, қарым-қатынастарды сенім тұрғысынан қабылдау және бағалауда көрінеді. Қазіргі кезде адамдарды діншілдігіне байланысты алты типке бөліп қарастыруға болады:
3. Діни экстремизм деген не?
· Экстремизм-латын тілінен енген термин.Шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұйымдастыру,қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деген мағынаны береді. Діни экстремизм -қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару,қоғамға қарсы
әрекет ету,дінді бұрмалап, жат идеяны белсенді насихаттау,мемлекеттік жүйеге қарсы әрекет жасау. Кез- келген экстремизмнің мәні- өздерінің пікірлеріне қосылмағандарға зорлық- зомбылық көрсету. Экстремизмнің қауіптілігі сол,ол ұлттар мен діндер арасына от қояды,
іріткі салады,мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді
4. Діни фанаттар
· Діни фанатизм анықтамасы белгілі бір ой-тұжырымға, не іске соқыр сенім негізінде, барынша беріліп, өзінің көзқарасы
мен іс-қимылын соңғы шындық, ақиқат ретінде қабылдаумен сипаталады. Діни фанатизм негізі соқыр сенім болғандықтан, ол жеке тұлғаның дұрыс ойлау қабілетіне, қоғамның даму заңдылығына кереғар, қарама-қайшы. Әсіресе, қоғамдық санаға, саясатқа байланысты мәселелерде өте қауіпті, дер кезінде тамырын қимаса әкелетін зардабы да орасан.
Видеоролик «Заманай» үзінді
5. Діни фундаменталистер
• Діни фундаментализм дегеніміз – бұл идеология, дүниетаным. Діни фундаментализм өткенге қайту, оралу деген мағынаны береді.
.Яғни қандай мәселеде болсын қатаң, өтеуі жоқ саясатты ұстану, бұрынғы орта ғасырдағы діни режим және мәдениеті қалай болды тура солай саяси жүйені орнату болып есептеледі.
• Осындай бұрынғыны аңсау, пайғамбарлар, сахабалар кезіндегі уағыздардың әсерлеп насихаттау, Орта ғасыр мемлекеттерді кереметқып көрсету радикализмнің туындауына әкеледі.
6. Діни радикалистер
• Діни радикализмнің анықтамасы «өкіметтің немесе қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын радикалды іс-әрекеттермен шаралардың
көмегімен жедел уақытта өзгертуге бағытталуын қолдау». Радикализм – идеологияның өзі емес, ол идеологияны таратудың іске асырудың, өзгертудің түрі. Діни радикализм зайырлы, демократиялық мемлекетті теократиялық мемлекетке өзгерту әрекеттрі деп тұжырымдайды.
7. Діни экстремистер
• Діни экстремизмге (лат.exnremus –шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекетерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм – бұл қайсы бір проблемаларды шешуге бағытталған ең шеткі діни дүниетанымды жақтаушылық және радикалды іс-әрекеттер. Экстремизм әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.
• «Діни келіспеушілікті тұтандыруға бағытталған, азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, құқығына, қауіп төндіретін іс-әрекеттерімен көрінетін радикалды сенімдерді тарату» деп анықтама берген.
8. Діни террористер
• Діни терроризм - [ лат. terror-қорқыныш,үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; Діни терроризм – діннің атын
жамылып ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда діни террористер, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік
әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады
9. Тәкфир әл-хижра
• Тәкфир және һижрат жамағаты деп даңқы шыққан мұсылмандар жамағатының принципы мен ой-пікірлері Мысыр түрмелерінде, әсіресе 1965 жылы жалпы тұтқынға түскен мұсылмандардың ішінен Мысыр президенті Жамал Әбдунәсырдың бұйрығымен Сайд Қутуб пен оның пікірлес бауырлары өлім жазасына тартылғандарынан соң нақты мазмұнға ие болады.
• Негізін салған - Сейид Кутуб, Шейх Абдулфаттах Исмаил, кіші бауыры Али Исмаил, кейін косылған Шукури Мустафа.
Тәкфир әл-хижраның белгілері
• Ислам дінінің парыз саналған амалдардың біреуін орындамаған немесе кейбіреулерін орындаған адам кәпір. • Бір адамның толыққанды мұслман болғандығы айқын түрде белгілі болғанға дейін күту керек. Оған дейін кәпір.
• Үлкен күнә жасаған адамды кәпір
• Бір мұсылман кәпірді кәпір деп үкім шығармаса өзі кәпір болады
• Имамдар кәпір олардың артында тұрып намаз оқуға болмайды.
• Мектеп, Университет, Колледж де оқитын жұмыс істейтін адамдардың бәрі кәпір
• Заңға бағынатын адамдар кәпір
10. ХИЗБУТ-ТАХРИР
Хизб-ут Тахрир»
(Азаттық партиясы) – бейресми діни-саяси партия. Оның толық атауы «Хизб-ут
Тахрир әл-ислами» деп аталады. Іргесін қалаған Мысырда дүниеге келген
палестиналық шейх Тақиуддин Набхани. Әубаста ол «Әл-Ихуан-ул-муслимин»
(«Мұсылман бауырластығы») ұйымының Иорданиялық бөлімшесі қатарының белсенді
жетекшілерінің бірі болған. Кейінірек белгілі бір діни мәселеде (ақида (сенім)
бойынша) ұйым мүшелерімен келісе алмағандықтан ол ұйымнан шығып кетеді. Өзге
палестиналық арабтармен бірігіп 1953 жылы «Хизб-ут Тахрир» партиясын құрады.
Бұны құрудағы басты мақсаттары – Палестина жерін израильдік басқыншылардан азат
ету болған. Бірақ Хизбут-тахрир бүкіл жер бетінде халифат құруды көздейді және террористік ағым
болып есептеледі.
11. Ханафи мәзһабын қазақ жеріне келуі
• Ханафи мәзһабын қазақ жеріне
келуін, ислам дінін қабылдаған кезеннен бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі
уақыт аралығын үш кезеңге бөліп қарастырамыз: 1) Қазақ хандығына дейінгі кезең;
2) Қазақ хандығы тұсындағы кезең XV ғасырдан бастап XX ғасырға дейінгі кезең;
3) Кеңес өкіметі кезеңі. Осылай анықтау қазақтар дәстүрлі ислам дінін XII
ғасырдан бастап ұстанып келе жатқан ел екеніне дәлел келтіре аламыз.
Бүгінгі тақырыпты Н.Ә.Назарбаевтін сөзімен
аяқтағым келеді.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
• Оқуды бағалау үшін оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек ұсынуды сұрау
• Екі жұлдыз - жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған екі зат
• Бір тілек - бұл жақсартуға болатын нәрсе.