«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Мортық ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Мортык отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

31.01.2017

Тақырыбы: «Мейірім шуағы»

Мақсаты:Балаларға мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы тәрбие беру.

Көрнекі –құралдар: Интер. тақта, суреттер, көрініс

1.  Шаттық шеңберге тұрып, салат оыны арқылы сынып оқушыларын 3 топқа бөлу

 2. Топтарға бөлу

І топ. Қызыл түс – адамның энергияға толы екенін көрсетеді.Олар кез келген

қиындыққа мойынсұнбайтын,күрескер,батыл адамдар.

ІІ топ. Сары түс – бұл түсті қалаған адам өзгерістерді жиі қалап тұрады,сары түске

құмар адамға тұрақсыздық тән.

ІІІ топ. Жасыл түс – бұл түсті таңдағандар айналасындағы адамдардан мақтаулар,

жақсы пікірлер күтетін адамдар.Сондай-ақ, бұл түс такаппарлықтың нышаны.

Міндеттері:

-Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-Мейірбандылыққа тәрбиелеу;

Қайырымдылық: Қамқорлық, Ізгілік, Жомарттық, Кішіпейілділік, Парасаттылық,

Жүрек жылуы , Мейірімділік, Имандылы.

Қайырымдылық көмекті қажет ететін жандар:   Қарттар  ,Көп балалы отбасы балалары Аз

қамтылған отбасы балалары, Мүмкіндігі шектеулі балалар, Жетім және ата-анақамқорлығынсыз

қалған балал Толық емес отбасы балалары.         

Жүргізуші: Бүгінгі күні – біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Біздің болашағымыз қандай болмақ? Уақыт өте жатар. Болашақта уақыттың өтуімен өсе келе, бала өзін қоршаған ортадан нені алмақ. Соған бір уақыт көз жүгіртіп көрейікші. Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты

көреді. Себебі, ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортада өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді? Әрине оны қоршаған орта мен табиғат жақсылыққа үйретпек.

1-оқушы

Талпын жақсы болуға,

Күнде сәуле шашатын.

Білім іздеп өнер тап,

Түнді күндей ашатын.

2-оқушы

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы,

Жүрегім оттай жанады.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

3-оқушы

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

Жүргізуші: Тек бүлдіршіндер ғана емес ересектер де табиғаттан, өзін қоршаған өсімдіктер мен

жануарлардан да жақсы қасиеттерді үйренбек.

Гүл-нәзіктікті

Көбелек-сұлулықты

Ара-еңбекқорлыққа

Ағаш-достыққа

Тау-асқақтыққа

Су-тазалыққа үйретеді.

Жүргізуші: «Кім тез ойлайды?» ойыны ойналады.

Ойын: «Кім тез ойлайды?»

Өмірде кім және не мейірімді?

-Күлімдеген күн мейірімді!

-Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

-Таза мөлдір су мейірімді!

-Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

-Аяулы анам мейірімді!

-Қадірлі әкем мейірімді!

-Әлпештеген әжем мейірімді!

-Еркелеткен әкем мейірімді!

-Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

-Тату-тәтті достарым мейірімді!

«Мен кіммін?»

1-оқушы

Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.

2-оқушы

Мен, баламын қамқор болар ата-анаға.

3-оқушы

Мен, доспын достық туын көкке ұстар.

4-оқушы

Мен, баламын болашақта елін қорғар.

5-оқушы

Мен, адаммын осының бәрін ұғар.

6-оқушы

Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.

Болашақ-жастардікі. Алға үлкен үмітпен қарап, білімді, дені сау, бақытты өмір кешуге толық құқылымыз.

Қазір сіздерге  «Менің жер шарым» тренингін ұсынамын.

Тренинг: «Менің жер шарым»

Шарты: Тақтаға күн суретін салып, ортасына «Мен» деп жазады. Осы күннің ортаңғы нүктесінен шашақтарын сызып, әрбір шашақтың бойына келесідей сұрақтарға жауаптар жазылады.

1.Менің бойымда қандай қабілеттер бар?

2. Мен қандай кітаптар оқығанды ұнатамын?

3. Мен нені армандаймын?

4.Мен нені есіме түсіргенді ұнатамын?

5. Мен нені есіме түсіргенді ұнатпаймын?

6. Менің мінезім қандай?

7. Көбінесе көңіл-күйім қандай болады?

8. Басқаларға қарағанда, мен нені жасай аламын?

9. Маған өмірде не көбірек тартымды болып көрінеді?

10. Мен не нәрсемен шұғылданғанды көбірек жақсы көремін?

Қорытынды: Өмір қызығы мен қайғысын қатар көрсетеді. Бұл-өмір заңдылығы. Сол себепті өз өмірімізді қиюға тұратын нәрсе бар ма? Адамға, ең бастысы, осы мәселенің шешімін табу маңызды. Барлығымыз шеңбер құрып, қолымызды ұстап тұрайық. Мына әдемі гүлді бір-бірімізге ұсынып, жылы лебіздерімізді білдіріп, тілек айтыңыздар.

-Бақытты бол!

-Өзіңе сенімді бол!

-Қиыншылыққа төзе біл!

-Ата-анаңды сыйла!

-Денсаулығың мықты болсын!

Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Просмотров: 2209


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст