1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің
көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші:
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
1 - жүргізуші:
Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
2 - жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Джамалиев Болат Мәжитұлына сөз берейік.
ІІ жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! Ән: «Қазақ осы» Куандыкова Сымбат
1 - жүргізуші:
Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «Қазақы дастарханы» информатика пән мұғалімі
Ахмадия Баян және математика пән мұғалімі Авдилгажы Ардақ
1 - жүргізуші:
Жылан жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
2 - жүргізуші:
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Келесі кезекте мың бұралған бишілерімізді қарсы алайық «Қазақша» би 6 сынып
1 - жүргізуші:
Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әнге береміз «Наурыз көктем» бастауыш сыныптар хор.
2-жүргізуші:
Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
аңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен,
«Сақтай гөр» деп терістен.
«Кел, таза бақ, кел» десіп,
Кел тілек бер десіп.... Би. Орындайтын: «Қамажай» биі бастауыш сынып қыздар
1 - жүргізуші:
Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
2 - жүргізуші:
Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Балапан қаз» Орындайтын: қазақ тілі пән мұғалімі Әбілдинова Гүлдана және математика пән мұғалімі Авдилгажы Ардақ
І жүргізуші:
Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!
Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын
Отанымызға шаттық өмір әкелсін
Мерекелеріңіз құтты болсын!
2 жүргізуші: Барлықтарыңызды ауылдарға барып наурыз көжеден дәм
татуға шақырамыз!
1. «Қазыбек би» ауылы – Қыдыр ата
2. «Жәнібек» ауылы - Ат қою
3. «Абай» ауылы – Бесікке салу
4. «Абылайхан» -ауылым – Тұсаукесер
5. «Жамбыл» ауылы – Сүйінші