Тақырыбы: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.
Отанға,еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Олардың бойына патриоттық
сезім ұялату. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен
таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды
қадірлеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы бейнефильм,Отан қорғаушылар жайлы слайд,
суреттер,қанатты сөздер.
1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне
арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.
1 - жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
Мектебіміздің басшысы Болат Мәжитұлына құттықтау сөз беріледі.
1 - жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,
Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан
бейбіт елге басып кірді. (радио қосылады). Соғыс басталды.
Ән. «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» (5 сынып)
Көрініс « » (7 сынып)
1 - жүргізуші: «Соғыс» деген суық хабар. Қазақстанның барлық жеріне 1941 жылдың 22-ші маусымында келіп жетті. Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халқы 6 миллионнан астам еді. (Радиодан жеңіске жеткен хабарлама қойылады)
Каусар:
- Алақай! Алақай! Алақай! Жеңіс!Жеңіс! Жеңіс!
Көкем келеді, алақай!
Экранда деректі бейне фильм көрсетіледі.
Ән « Бейбітшілік салтанаты» хор (8 сынып )
1 - жүргізуші : - Тағы бір мезет экранға назар аударайық.
2 - жүргізуші : - Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ.
1 - жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
-Әдеби мантаж «Сұм соғыс» Жумабекова Аружан(7 сынып)
2- жүргізуші:- Ардагерлерге мың тағзым!
- Ән «Ана туралы баллада» орындайтын Қуандықова Сымбат
2 - жүргізуші: - Сахнада Жас ұрпақтар монтаж «Ардагерлер» (1-4 сынып оқушылары)
2 - жүргізуші: Жабады дала төсін нала, қайғы, Шын қайғы жөн кәріге қарамайды, Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған Аққулар қанатымен сабалайды
-Би: «Катюша» (6 сынып)
1 - жүргізуші: Ашу менен кек оятты ел намысын, Отан үшін жан пида болды үлкен сын. Ер азамат жауменен арпалысса, Әйелдер терін төкті майдан үшін Аналар қоштасқанда асылымен, Арулар қош айтысты ғашығымен Балалықтың базарын ерте жауып, Талай жұмыс істеді бала өркен. Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды, Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды, Кемпір шал, әйел бала ауылдағы, Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.
Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған
еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.
2 - жүргізуші: Соғыс... Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.
Ән: «Журавли» (6 сынып)
1 - жүргізуші: Батыр ұл есімдері ақталады Жыр болып жүректерде сақталады. Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
2 - жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 72-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 73 жылдығында кездесейік.
- Ән: «Қазақстан» Нұржау Самғат (9 сынып)
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Туы әкетілсін.
1 - жүргізуші: Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
2-ші бөлім Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шеру.
2 - жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!
1 - жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
2 - жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын!
1 - жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!
2-ші бөлім: Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты
шеру.(мектеп алаңында өтеді.Қатысатын 7,8 сынып оқушылары)