«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Мортық ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Мортык отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11.05.2017

Тақырыбы: «Халық қаһарманы»

Сыныбы: 7-8

Күні: 26.04.2017 ж.

Мақсаты:

  • Оқушыларға зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту,
  • Білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
  • Оқушылардың бойында ұлтжандылық, адамгершілік, тәртіптілік, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, қанатты сөздер, интербелсенді тақта, слайд-шоу.

Барысы:

Жоспар:

  • Сәлемдесу.
  • Бәйге.(сұрақтарға кім бірінші жауап береді, соған ұпай)
  • «Тіл шебері»
  • Көкпар. (саны бар ұяшықтарды таңдап, жауап беріп, тиісті баллын алады)
  • Логикалық сұрақтар.(көрермендер)

Мұғалім сөзі: Құрметті сайысқа қатысушылар! Еліміздің Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Халық қаһарманы» атты интеллектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Сайыс басталмай тұрып, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады..

1 кезең. Сәлемдесу.

Топқа бөліну:

1-топ: Құрлық әскері

2-топ: Әуе әскері

3-топ: Теңіз әскері

2 кезең. Бәйге. (5-10 балл аралығында)

1.     Тәуке ханның зандар жинағы (Жеті жарғы)

2.     ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнар көзі (халық)

3.     Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)

4.     Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)

5.     Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор)

6.     Бала туғанда қазақтар қандай той жасайды (шілдехана)

7.     Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)

8.     Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас болған Кеңес одағының батырыкім? (Ж. Елеусізов)

9.     «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім болды? (О. Сүлейменов)

10.     ҚР Жаңа Конституциясы неше баптан тұрады? (98)

11.      Қазақтың тұңғыш академигі (Қ. Сәтбаев)

12.     Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб)

13.    Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)

14.    Тың игеру жылдары (1954-1956 ж.)

15.     «Алаш» партиясы құрылған жыл (1917 ж.)

16.       Малдың жаппай қырылуы (жұт)

17.       Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

18.       Түйенің сүтінен жасалған сусын (шұбат)

19.       1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы)

20.    Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан)

21.   Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық (Р. Қошқарбаев)

22.    Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар)

23.     Қазақстанда Наурыз қай жылдан бастап тойлана бастады? - 1989 жылдан бастап тойланады.

24.    Тәуелсіздік монументінің биіктігі - 28 метр

3 кезең. «Тіл шебері». (5-10 ұпай аралығында)

Оқушыларға ақ қағаздар таратылады.

1)Туған жердей жер болмас... (Туған елдей ел болмас). Ел-страна-country

2)Тіл тас жарады, (Тас жармаса, бас жарады). Тас-камень-stone

3)Ел елдің бәрі – жақсы, (Өз елің бәрінен – жақсы). Жақсы-хороший-good

4) Жері байдың – (Елі бай) бай-богатый-rich

5) Ұстамен жақын болсаң, іс-дело-work Ісің бітер.

6) Жеті рет пішіп, Бір рет кес бір-один-one

  7) Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы ұстаз-учитель-teacher

8) Өнер алды - қызыл тіл қызыл-красный-red

9) Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің. су-вода-water

10) Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар. сөз-слова-word  

4 кезең. Логикалық сұрақтар.

1.     Күрекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)

2.     Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып

кетеді)
3.     Есік пен терезенің арасында не тұрады? («пен» тұр)
4.     Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай? (Май - үш әріптен тұрады.

5.     Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)

6.     Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)

7.     Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)

8.     Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)

9.     Қар жауады, күн жылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не

байқалады? (көктайғақ болатындығы)

10.   Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

11.     Қазақтандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?  (Талдықорған облысы, Тентек өзені.) 

Қорытынды: Бүгінгі «Ұландар » күніне арналған «Халық қаһарманы» атты интеллектуалдық тарихи танымдық сайысымыз аяқталды. Құрметті оқушылар, сайысқа белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет! Сөз сөйлеп, өз ойын айтамын деген адамдар болса, рұқсат етіледі. Алдағы күндерде баршаңызға сәттілік тілеймін! - деген сөздермен біз

сіздермен қоштасамыз.

Просмотров: 643


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст