«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Мортық ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Мортык отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.09.2017

1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» салтанатты жиын бағдарламасы.

Мақсаты:    Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну  білімге деген құштарлығын

арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі  азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты, қанатты сөздер

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, мектеп шәкірттері! Міне көптен күткен 1 қыркүйек «Білім күні» де келіп жетті. Табиғаттың мезгілдік сұлулығымен қатар «Алғашқы  қоңырау!»  мерекесі де мектеп табалдырығына таяды. Елбасымыз таяуда жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.

2-жүргізуші: «Туған жер» бағдарламасы Елбасының пайымынша, бұл кез келген халықты әншейін біріге салған

қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі, біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Ол мирас - Тәуелсіз Мемлекеттің жастары. Арманды ақиқатқа айналдыратын білімді жастар Сіздер!».

1-жүргізуші:

Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпары гүлімен.

Келіп ем, қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен

Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бірінші сынып балдырғандарын сынып

жетекшісі Дюсембина Динара Кенжебекқызымен ортаға шақырайық. Музыка ойналады

(Ортаға 1-сыныпқа келген оқушылар келеді) Оқушылардың тақпақтары айтылады.

2-жүргізуші:

Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары!

Құтты болсын басталған оқу жылы,

Құтты болсын, болашақ баспалдағы!

Жүргізушілер: «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» салтанатты мерекемізді ашық деп жариялаймыз!

(екі жүргізуші қатар айтады)

1-жүргізуші: ҚР мемлекеттік Туы енгізілсін!

2-жүргізуші:ҚР мемлекеттік әнұраны орындалсын!

1-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Джамалиев Болат Мәжитұлына беріледі.

Ән «Мектебім сағынышым» 7-сынып

2-жүргізуші:

Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берійік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы Целиноград аудандық Білім бөлімінің инклюзивті білім беру әдіскері Джунусова Дамира Ернаровнаға құттықтау сөзі беріледі.

1-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жахина Зауреш Жаңатайқызына  беріледі.

Ән «Мектебім аяулы» 8-сынып қыздары

2-жүргізуші: Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып ата-аналарына беріледі.

1-жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын!

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау соғылсын!

Алғашқы  қоңырауды соғу үшін ортаға мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қожахметов Дінмұхаммед пен мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-сынып оқушысы Темирханова Айзаданы шақырамыз

Хор «Мектеп кеме»

2-жүргізуші:

Алтын ұя – киелі шаңырағым,

Мен өзіңе қашан да табынамын.

Алыс, жырақ өзіңнен кетсем егер,

Қоңырауыңды сыңғыр қаққан сағынамын .

1-жүргізуші: ҚР Мемлекеттік туы әкетілсін!

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар,қонақтар! Баршаларыңызды жаңа оқу жылы толағай табыстармен, сүбелі үлестермен, еселі еңбектерге толы жыл болғай деген тілекпен, ыстық жүрекпен «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!!!

Просмотров: 875


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст