«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Мортық ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Мортык отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25.11.2017

Мортық ауылы №34 негізгі мектебінде 20 – 29 қараша

аралығында атқарылған «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік есебі

Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын баланың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты. Жастар арасында, үйде немесе көшеде кездесетін зорлық – зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе болып отыр, кейде оны анықтаудың өзі қиын. Осы мақсатта біздің мектебімізде зорлық – зомбылықтың және бала еңбегінің ең қиын түріне жол бермеудің алдын алу бойынша «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік бойынша оқушылармен, ата – аналармен, ұстаздармен іс-шаралар өткізілді. 1 – 9

сыныптар арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»  атты тақырыпта сынып жетекшілер

сынып сағаттарын өткізді. Мектеп психологы «Сенің өміріңе төнген қауіп –қатер бар ма?»  5- 9 сыныптарынан сауалнама алды. Сауалнама жасырын түрінде өткізілді. Жалпы сауалнама қорытындысы бойынша зорлық –зомбылық көріп жүрген оқушылар анықталған жоқ. АІІБ  Кәмелетке толмағандар жасөспірімдердің инспекторы  Сураганов Б және Каймулдин С.  8- 9 сынып оқушыларына құқықбұзушылық пен зорлық – зомбылық тақырыбында әңгімелесіп, оқушыларға үнемі тәртіп сақтау керек екенін айтып өтті. «Зорлық – зомбылыққа жол жоқ!» мақсатында оқушыларға

бейне ролик көрсетілді. Ата – аналар жиналысы өткізілді. «Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі» деген тақырыпта ата – аналарға баяндама оқылды. Ата – аналарға «Мальчик и девочка», «Жестокое отношение» бейне ролик көрсетілді. Ата – аналар өз ойларын ортаға салды.

Просмотров: 1032


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст