Мортық ауылы №34 негізгі мектебінде қыркүйек-қазан айларында өткізілген «Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» іс-шараларының есебі Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әр оқу жылында айлық іс-шара жоспары жасалынып бекітіледі. Жоспар бойынша ай сайын және айлық жоспар бойынша түрлі әдістер мен іс-шаралар өткізіледі. Олар: дөңгелек үстел, пікірталас,тәрбие сағаттары, құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында құқық қорғау қызметкерімен, медбикемен кездесулер өткізіліп отырылады.Мектебімізде күнделікті сабақ басталмас бұрын оқушыларды түгендеу жұмыстары жүргізіледі.Сынып жетекшілері оқушылардың сабаққа қатысуын қатаң қадағалайды.Оқушы сабаққа кешіккен жағдайда сынып жетекшілері бірден ата-анасымен хабарласады. |
«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек, – деп белгілі К. Д. Ушинский айтқандай, білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда оқушылармен жүргізілетін жұмыстың деңгейін анықтау, педагогикалық іс шараларды көрсету, сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу. Отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау, жұмыс істеу әдістемесін ұсыну мақсатында, №34 негізгі мектебінде «Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.Дөңгелек үстел отырысына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог ,ата-аналар комитеті мүшелері қатыса отырып, өзара пікір алмасуда жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың пайда болу себептері; жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ұстанымдары; қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлары; олармен жұмыс істеудің негізгі шарттары; жасөспірімді тәрбиелеудегі әлеуметтік педагогикалық тұрғыда отбасы және мектептің өзара байланысы қандай болуы; әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан әлеуметтік педагогикалық арқылы қорғауы; құқық бұзушы балаларға профилактикалық және диагностикалық көмек көрсету әдістемесі; қиын жасөспірімді қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері аясында өз ойларын ортаға салып, қызу ашық түрде талқылау болды.Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері лейтенант Сураганов Бахтияр Жумабекұлы оқушыларға түнгі уақытта тек ата-аналарымен жүруге болатыны жайлы айтып,түсіндірді.
|