«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Мортық ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Мортык отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.12.2017

Тақырыбы: Қазақтың батыр қызы

Мәншүкке 95 жыл.

Мақсаты: Мәншүк Мәметованың

ерлігі  туралы баяндау, оқушылардың туған

жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; өзін қоршаған ортада жаман мен

жақсыны ажыратып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге, батырдың ерлігін үлгі

тұтуға үйрету; Отанның қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа

тәрбиелеу, өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру.

Міндеті: Өскелең ұрпаққа

Мәншүктің ерлігін баяндау.

Көрнекілігі: ерлік туралы нақыл

сөздер жазылған плакаттар, Мәншүк портретті, батырдың ерлігі жайындғы

естеліктер, сурет көрмесі, слайд.

Сабақтың түрі:

Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды

сабаққа бейімдеу, төрешілерді тағайындау, сабақтың өту тәртібімен

таныстыру,оқушыларды екі тапқа бөлу, 1 топ – «Батыр қыздар»,  2 топ – «ҚаҺарман қыздар».

1 кезең. Таныстыру. Әр топ топтаң атымен және де 

топтағы оқушылар құрамымен таныстырады.

2 кезең. Ұмытылмас ерлік.  Оқушылар слайд арқылы Мәншүктің өмірімен,

майданда өткен жолымен таныстырады. Ең жоғарғы ұпай 10 балл.

1.               

 «Батыр

қыздар» тобының таныстыруы:

Мәншүк Жиенғалиқызы

Мәметова—1922,Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы,—1943 ж.қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы,Кеңес Одағының Батыры.Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей

бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.Мәншүктің өз әкесі-Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына

берген.Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол

жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл

ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң,

жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет

Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет

Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың

қаңтар айында ұсталып кетеді.Ахметтің әйелі Әмина Мәметова –Әбілқайыр ханның тұқымы.

Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер

гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет

пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.

2 «Қаһарман қыздар» тобының

таныстыруы:

Ұлы Отан соғысы басталған кезде

Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант,

пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге

түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі

біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Оған көрсетілген құрмет. Павлодар облысының колхозшылары Батыр

қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.Туған

жерінде оған ескерткіш орнатылған Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған

мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық

училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман

қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А.

Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм

түсірілді. Мәншүк Мәметова ескерткіштері Мәншүк Мәметова

ескерткіштері- Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға арналған

ескерткіштер. Оның бірі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 1

наурызындағы жарлығы бойынша бұрынғы Орал (Батыс Қазақстан) облысы Орда ауданы Жәнібек кентінде орнатылған. Мүсіншісі А.Пекерев,

архитектор А.Борецкий. Мүсін қоладанқұйылған, гранит тұғырына қоламен "Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова 1922 - 1943 жыл"

деген жазу жазып, оны тот баспайтын арнаулы лакпен сырлаған. Тұғырдың көлемі 0,78x0,72 м, ескерткіштің биіктігі

3 м. Ескерткіш 1982 ж. ресми маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің

тізіміне енгізіліп, мемлекеттік бақылауға алынды.  

3 кезең. Шоқ

жұлдыз.  Оқушыларға мәншүктің өміріне

байланысты сұрақтар қойылады, оқушылар қажетті балды таңдау арқылы сұрақтарға

жауап береді.

Сұрақтар:

1.     Мәншүктің дүниеге келген

жылы мен жері. (1922ж.,Оралда)

2.     Мәншүктің шын есімі.

(Мәнсия)

3.     Кеңес Одағының батыры

атағы қай жылы берілді?  (1944ж.)

4.     Ұлы Отан соғысы басталған

кезде Мәншүк қай оқу орнында оқып жүр еді? (Алматы медециналық институтында)

5.     Мәншүк қай жылы Қызыл

Армия қатарына өз еркімен алынды? (1942ж.)

6.     Соғыста атқарған қызметі.

(пулеметші)

7.     Мәншүк туралы көркем

фильм қалай аталады? (Мәншүк туралы жыр)

8.     Мәншүктің қайтыс болған

жылы. (1943ж.)

9.     Мәншүк қай мектепте

оқыды? (Алматы қаласындағы № 28 мектепте)

10.                      

 Мәншүкті орыстар

қалай атаған? (Маша)

4 кезең. Үй

тапсырмасы. Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша шығармашылық тапсырма орындайды. Жоғарғы

ұпай 5 балл.

1 топ: «Мәншүк туралы ән» орындайды.

Дауылмен тербеп оның жас бесігін,

«Мәншүк» деп ел атаған ерке

есімін.

Адамша ақтау үшін ана сүтін,

Майданның, пулеметпен ашты есігін

 

«Максимін басқан сайын бас

бармағы,

Жаулардың өлік болды жастанғаны.

Атысты ол от ішінде сүңігәп

жүріп.

Секілді қамысты көл қасқалдағы

 

Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр

өткен,

Жеңіспен майдан бітіп, жас

ержеткен.

Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,

Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен

 

2 топ. Мәншүктің майданға

сұранғандағы жазған хатын оқиды.

Мәншүк 18 жасқа толды. Ол тез есейіп, өз еркімен майданға аттанып, Отан

қорғаушылар қатарында болсам деген тың шешім қабылдады. Оған мынадай ой келді:

Кеңестер елін қорғауға қатысып, майдан даласында жаумен шайқасу арқылы өзінің

сүйікті әкесі Ахметті жазықсыз жазадан құтқару. Әкесі қанша азап шексе де

Мәншүк ол тірі болар деп ойлады. (Бірақ Мәншүк әкесінің атылып кеткенін

білмеген еді). Осы уақытта ел арасында мынадай сыбыс таралды: «Егер «халық

жауының» балалары Отан қорғауға өз еркімен барса, онда ата-анасына жағылған

қара күйе, қылмыстық жаза кешіріледі». Бұл сыбыс Мәншүктің құлағына тиісімен-ақ

ұйқысы қашып, қалайда майданға аттануға біржола бел байлайды. Бір жылға жуық

уақыт өз еркімен майданға баруға өтінішін қанағаттандыру мақсатында дегенінен

қайтпай әскери комиссариатқа барып, есігін тоздырумен болды.

Өз өтінішінде

былай деп жазды:

«Мен Мәметова

Мәншүк, 1922 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам қазіргі

уақытта қайтыс болған. Жұмысшы факультетін оқып бітіргенмін, қазір

Халкомкеңесте халық комиссарлары кеңесі төрағасы орынбасарының жеке хатшысы

болып қызмет етемін. Өмірбаяным жөнінен қысқаша мағлұмат бере отырып, Сізден

ағаларыммен және апаларыммен (қарулас) бірге фашист-қарақшыларды талқандап

құрту үшін мені майданға жіберуіңізді сұрағым келеді, өйткені майданға

баратындай ағайым да, апайым да (отбасым да) жоқ, сол себептен де өзім

сұранамын. Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын. 1939 жылдан комсомол

мүшесі.27.08.1941ж.(М.Мәмеова)».

5 кезең. Біліміңді

сына. Оқушылардың білімін тексеру

мақсатында Ұлы Отан соғысына байланысты сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап

5,10,15 балмен бағаланады.

6 кезең. Тарихи

оқиға.  Оқушыларға сөздер мен жылдар беріледі. Ол

сөздер мен жылдардың Мәншүкке қандай байланысы бар екенін анықтаулары қажет.

Тапсырма:

1 топ:

«Көзімнің қарасы»     (Мәншүктің сүйіп тыңдайтын әндерінің бірі)

Әмина мен Ахмет      (Мәншүктің асырап алған ата- анасы)

1938 жыл   (Мәншүктің әкесі «Халық жауы» атанған жыл)

1944 жыл 

(Кеңес Одағының Батыры атағы берілген жыл)

2 топ:

Бөкей ордасы (Мәншүктің туған жері)

«Максим»  (Мәншүк қолданған пулемет)

1943 жыл 15 қазан (Ұрыс даласында қаза тапты)

Әзілхан Нұршайықов «Невель түбінде» шығармасы (Автор

осы туындысында Мәншүктің қалай қаза болғанын естігені туралы баяндайды)

Оқушыларға ойлануға 3

минут уақыт беріледі осы кезде бүгінгі өтілген сабақ бойынша аудиториядағы

басқа оқушыларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген оқушыларға ынталандыру

сыйлықтары беріледі.

 Төрешілер сайыс бойынша қорытынды шығарады.

Мұғалім: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай

жайрандаған...

Ерліктің қос қанаты

деп білемін,

Аяулы Әлия мен

Мәншүгімді.

Міне, ұстаздар,

оқушылар, біз бүгін аққан  жұлдыздай жарқ

етіп жоқ болған, қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкен Мәншүк Мәметованың

ерлігімен таныстық. Сендер елдің 

болашағысыңдар. Ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді,

халқымызды қорғау-сендердің азаматтық борыштарың. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз

тыныш болсын!

 

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст