Балалар мен жасөспірімдердің қорқыныштарының диагностикасы
(авторы А.И. Захаров 1982ж., «Школьный психолог» №8/99)
Мақсаты:
а) нақты қорқыныш санын анықтап және осы көрсеткіштердің негізінде балаға әрі қарай өсіп, дамуға көмектесу.
б)актуалданған қорқынышты болдырмау.
Ойнау әдісі: «Қызыл үй – қара үй»
Материал: 2 қарындаш – қызыл және қара, қалам, альбомдық қағаз.
Нұсқаулық:
1.
Қызыл және қара үйге 33 қорқынышты орналастыру керек. Қара үйде үрейлі, сұмдық қорқыныштар тұруға тиісті, ал қызыл үйде қауіпсіз қорқыныштар тұрсын. Менсендерге қорқыныштарды айтамын, сен олардың нөмірін таңдаған үйіңе жаз.
2. Қорқыныштар.
Сен қорқасың ба?
1) жалғыз қалғанда;
2) бандиттердің шабуылынан;
3) ауырып қалудан;
4) өлімнен;
5) ата-анам өліп қалады деп;
6) өзге адамдардан;
7) папам не мамамнан
айырыламын деп;
8) мені жазалайды деп;
9) Мыстан кемпірден,
жалмауыздан,айдаһардан;
10) мектепке (балабақшасына) кешігіп қалудан;
11) ұйықтардың алдында;
12) қорқынышты түстен;
13) қараңғыдан;
14) қасқыр, аю, ит, өрмекші, жылан (аң-құстан
қорқу);
15) машина, поезд, ұшақ (көліктен қорқу);
16) боран, құйын, су тасқыны, жер сілкіну
(стихиядан қорқу);
17) биіктіктен қорқу;
18) тереңдіктен қорқу;
19) кішкентай, тар бөлмеде қалу ( жабық
кеңістіктен қорқу);
20) судан;
21) оттан;
22) өрттен;
23) соғыстан;
24) кең алаңдардан;
25) дәрігерден;
26) қаннан;
27) уколдан;
28) ауырудан;
29) қатты дыбыстан (бірдеме құласа не соғысса);
30) сабақты оқымағаным үшін;
31) мұғалімнен;
32) үлкен тақпақтан;
33) үй тапсырмасынан.
3. Қорқыныштың жастық ерекшеліктері.
Туғаннан үш жасқа дейін.
8 айда – танымайтын адамдардан қорқу.
1 жастан асқан соң – жалғыз қалудан қорқу, биіктен және тереңдіктен қорқу.
1,5 жаста – анасының көп болмағанына мазасыздану, отбасындағы айқай-шудан
қорқу, дәрігерден, укол, аурудан қорқу.
2 жаста – ата-анасының жазалауынан қорқу, поезд, көліктен қорқу, аңнан
(қасқыр), уколдан қорқу.
Кіші мектепке дейінгі жас.
Ертегі кейіпкерлерінен қорқу, аурудан, уколдан, қаннан, биіктіктен, қатты дыбыстан, жалғыз қалудан, қараңғыдан, жабық кеңестіктен қорқады.
Ересек мектепке дейінгі жас.
Өлуден, ата-анасының өлуінен қорқу, аң-жануардан, ертегі кейіпкерлерінен, тереңдңктен, қорқынышты түстен, оттан, өрттен, соғыстан қорқу.
Кіші мектептік жас.
Мектепке кешігіп қалудан қорқу, ескертуден, бір нәрсені олай істемеуден қорқу.
Жеткіншектік жас.
Ата-анасының өлімінен, соғыстан қорқу.
4. Жастық
нормалар.
Қорқыныштың орташа саны:
Мектеп жасына дейінгі
қыз балаларда =10,3
ер балаларда = 8,2
Мектеп жасында:
Ер балаларда = 6,9
қыздарда = 9,2
Балалардағы қорқыныштың орташа
саны (жынысы және жасына қарай)
Жасы |
Ер балалардағы қорқыныш саны |
Қыз балалардағы қорқыныш саны |
3 |
9 |
7 |
4 |
7 |
9 |
5 |
8 |
11 |
6 |
9 |
11 |
7 - балалар |
9 |
12 |
7 - оқушылыр |
6 |
9 |
8 |
6 |
9 |
9 |
7 |
10 |
10 |
7 |
10 |
11 |
8 |
11 |
12 |
7 |
8 |
13 |
8 |
9 |
14 |
6 |
9 |
15 |
6 |
7 |
Ойынның кезеңдері
1. Сурет салу
Тапсырма: екі қарапайым үйді салу керек: 1 - қызыл қарындашпен, 2 – қара қарындашпен.
2. Нұсқаулықты оқы.
3.Орындау (қорқыныштарды үйлерге бөлу керек). Мынадай нәтиже шығуы мүмкін:
Балалар қорқыныштардың нөмірлерін өз беттерінше қалаған үйге жазуы керек.
4. Әр үйдегі қорқыныштардың санын санап, нәтижесін үйдің шатырына жазып
қой.
5. Қорқынышты үйдің есігіне құлып салып (суретін салу керек), кілтін
лақтырып жібер.
6. Қара үйдегі қорқыныштарды жас ерекшеліктеріне қарай салыстырып көр.