«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Мортық ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Мортык отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мектептерінде «Қамқоршылық кеңесін құру туралы» ХАБАРЛАНДЫРУ

16.10.2023

Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына өзгертер мен толықтырулар енгізулеріне байланысты “Мортық ауылының  жалпы орта білім беретін мектебі” КММ қамқоршылық кеңес құрамы жаңартылып  құрылатынын хабарлайды.​

Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 27  қыркүйек мен 24 қазан аралығында тиісті білім беру ұйымына өтініш тапсыруы тиіс.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:  

1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілдері;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса);

6)оқушылық өзін – өзі басқару органдарының өкілдері  кіреді.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

білім беру ұйымының басшысымен туыстық және жекжаттық қатынасы бар тұлғалар;

сол білім беру ұйымы қызметкерлері;

психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген шектеулері бар тұлғалар кіре алмайды.

 Қамқоршылық кеңестің құрамына үміткерлер Комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Өтінім ( еркін түрде);
  2. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Қазақ немесе орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
  4. Білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдыққызметі туралы қосымша мәлеметтер ұсынады.

 

             Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер Целиноград ауданының білім бөлімі басшысы С. Искаковқа жазып жергілікті білім ұйымына өткізіледі.

Просмотров: 2957


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст