04.02.2020
3-ші ақпан күні Софиевка ауылының №21 орта мектебінде аудан мектептерінің оқушылары арасында шаңғы спорты бойынша финал өтті. Жарысқа 13 мектеп қатысты. Біздің мектептен: Аллажар Ануар, Болат Темирлан, Калкашев Дамир, Алтай Жандос қатысты. Команда 3 орынға ие болды