Текст
"Тіршілік мәні — мейірім".
Елімізде 2010 жылдан бері жыл сайын Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 29 қазан — "Қамқоршылар күні" мерекесі аталып өтіледі. Осы мерекенің мақсаты-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды, өзгенің қайғысына, өзгенің баласына бей- жай қарамайтын азаматтарды қолдау болып табылады. Қамқоршы-өз отбасына түрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алып, үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген адамдар. Мортық ауылының негізгі орта білім беретін мектебі де аталған күнді ескерусіз қалдырмай еліміздің қамқоршы, мейірімді жүрек иелерін шын жүректен құттықтайды!