Бүгін 05.10.2022 ж. Целиноград ауданы Дебат қозғалысының кезекті семинары Ақмол ауылының ЖОББ мектебінде ұйымдастырылды.
Күн тәртібі :
1. Аудандық дебат қозғалысының жоспарымен таныстыру
Баяндамашы Қоянды ауылы жалпы ортабілім беретін мектебінің пікірсайыс қозғалысының жетекшісі – Зандыбай Сандуғаш.
2. Форматының ерекшеліктері және ойнау ережесі
Баяндамашы – Приречное ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Жолаушыбай Айжан Қаламқызы
3. Пікірсайыс қозғалысының қатысушылары форматында ойын түрін көрсету
4. Ағымдағы мәселелер – Кабыкенова Айткуль Аманжолқызы және Есенгелді Ажар Қолғанатқызы білім бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері.
Аудан бойынша Дебат қозғалысының ұйымдастырушылары, жетекшілері мен мүшелері арасында өткен семинар танымды әрі қызықты өтті. Дебат ойынында оқушылар: Әмина, Қуаныш, Айғаным және Айжан белсенділік танытып, "Мектепте буллинг жоқ" тақырыбында дебат ойынын тәжірибе жүзінде көрсете білді. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, жоспар бойынша алдағы дебат ойындарына қатысуға құлшыныс білдірді.
Мортық ауылының НОББМ "Кемеңгер" дебат клубының жетекшісі Бекежан Әмзе және 9-сынып оқушысы Шаримов Жәнібек белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.