2021 жылы ақпан айының 2 – ші жұлдызында Мортық негізгі орта мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Мектеп директорының оқу ісі жөнінідегі орынбасары Жахина З.Ж. сөз сөйлеп, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, адамгершілікке, достық, татулық, мейірімділікке шақыра отырып, онкүндіктің жақсы деңгейде өтуіне және барлық сыныптардың белсенді қатысып, атсалысуына сәттілік тіледі. 5-ші және 7-ші сынып оқушылары шағын концерт дайындап, оқушыларға арнап бағдарламаның негізін қалаушы Сара Назарбаева туралы мәлімет тыңдалды.